Жарияланған күні: 15.04.2026
Петропавлда «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті
Облыстық прокуратура «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде апта сайынғы «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді. Шараға 250-ге жуық тұрғыны әлеуметтік қамсыздандыру, отбасы, еңбек, тұрғын үй, салық, жер және өзге де заңнама мәселелері бойынша алдын ала жазылусыз құқықтық консультациялар алды.
Жыл басынан бері прокурорлар акция аясында барлығы 1000-нан астам азаматты қабылдады, олардың едәуір бөлігі құқықтық мәселелерді шешуде практикалық көмек алды. Акцияны өткізудің ерекшелігі проблемалық мәселелерді «орнында талдау» қағидаты бойынша шешу болып табылады.
Акцияны өткізу кезінде прокуратура қызметкерлеріне жеке сот орындаушысының салған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлемеуіне байланысты шотты бұғаттау мәселесі бойынша азамат К. хабарласты. Аталған тұлғаның салынған жазаларды өтегені анықталды, бірақ әртүрлі себептермен тыйым шоттардан алынып тасталмаған, нәтижесінде ол шамамен 2 ай бойы жалақысын ала алмады. 15 минут ішінде қабылданған шұғыл шаралармен өтініш берушінің шоттарына салынған тыйым алынды.
Сондай-ақ, қылмыстық істі тиісті түрде тергеп-тексермеу мәселесі бойынша қоғамдық бірлестіктің өкілі қабылдауда өтініш білдірді. Іс-шара барысында облыс прокурорының бірінші орынбасары А.В. Трикачев дереу жеке қабылдауды ұйымдастырды, онда ол көтерген барлық проблемалық мәселелерді бақылауға алды және қылмыстық іс бойынша нұсқаулар берді.
Акция халыққа құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға, прокуратура органдарының азаматтармен тікелей өзара іс-қимылын дамытуға, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерге деген сенімді нығайтуға бағытталған.
«Құқықтық дәріхана» Солтүстік Қазақстан облысының прокурорларымен тұрақты негізде-әр сейсенбі сайын Петропавл қаласындағы «Рахмет» СҮ және облыстың аудандарының адамдар көп жүретін жерлерінде (ОСО, ХҚКО, мәдениет үйлері, Оқушылар сарайы, аудандық ауруханалар және т.б.) өткізеді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

