Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да мұздай судан зейнеткер құтқарылды

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер түнгі уақытта адасып, мұздай суға түсіп кеткен 86 жастағы әйелді тауып, құтқарды. Белгілі болғандай, Саумалкөл ауылының тұрғыны үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оған қарасып жүрген көршілері алаңдап, шамамен сағат 21:00-де полицияға жүгінген. Дереу іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары әйелдің Баянтай ауылы бағытына қарай баратын жолда — аудан орталығынан шамамен төрт шақырым жерде байқалғанын анықтады. Жоғалған қарияны криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Дастан Таласпаев пен жедел уәкіл Абылайхан Қабдушев тапты. Шамамен сағат 22:00-де теміржол бойындағы аумақты тексеру кезінде полицейлер қараңғыда бұталардың сытырлаған дыбысын естиді. Дауыстап шақырғанда ешкім жауап бермеген, тек біршама уақыттан кейін ғана ақырын шыққан дауыс естілген.

Есту қабілеті нашар зейнеткер фонарь жарығын байқап, көмекке шақырған. Белгілі болғандай, қария еріген қар суымен толған орға түсіп кетіп, бұталарға шырмалып, өздігінен шыға алмай қалған. Ұзақ уақыт суық суда тұрып қалып, әбден әлсіреген. Полиция қызметкері Абылайхан Қабдушев ойланбастан мұздай суға түсіп, әжейді иығына көтеріп алып шықты. Полицейлер зейнеткерді жылытып, үйіне жеткізді.

Бұған дейін ол кісі бұлай жоғалмаған, көршілерінің айтуынша, бағыт-бағдарынан жаңылу белгілері болмаған. Полиция қызметкерлерінің жедел іс-әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайға жол берілген жоқ. Қазіргі уақытта зейнеткердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *