3 айдың ішінде СҚО жолдарында 15 адам қаза тапты
Облыс аумағында жыл басынан бері тіркелген әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы «Жезқазған — Петропавл» трассасында орын алған. Барлығы 100 жол-көлік оқиғасының 19-ы зардап шеккендермен тіркелген.

Жалпы, үш ай ішінде өңір жолдарында 15 адам қаза тапқан, оның 13-і жылдамдық жоғары тасжолдарда болған. Жолды тарылту шарасы жүргізушілердің назарын арттыруға, жол қозғалысы тәртібін күшейтуге, жылдамдықты шамадан тыс асыру мен агрессивті жүргізудің алдын алуға бағытталған тиімді тәсілдердің бірі болып табылады.
Тәртіп сақшылары көлік құралдарын іріктеп тексеріп, жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полицияның бұл бағыттағы жұмысы жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

