Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Кәмпит ішінде есірткі табылды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №51 мекеменің қызметкерлері тыйым салынған затты сәлемдеме арқылы жеткізу әрекетінің жолын кесті.

Сотталғандардың бірінің атына келген сәлемдемені тексеру барысында қызметкерлердің күдігін карамель кәмпиттері тудырған. Мұқият қарау кезінде екі тәттінің ішінен қоңыр түсті ұнтаққа ұқсас зат салынған орамалар табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың опий екені анықталды.

Есірткі затының жалпы салмағы 0,9 граммды құрады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап есірткі құралдарын заңсыз дайындау, алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу әрекеттерін көздейді.

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметінше, бұл — биылғы жылдың басынан бері тіркелген алғашқы осындай дерек. Сонымен қатар, өткен жылы №48 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды жеткізудің үш ұқсас әрекетінің алдын алған.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттардың өткізілуіне жол бермеу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *