Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

МӘМС-те «сақтандырылған» мәртебесінің маңызы жоғары

МӘМС жүйесінің толыққанды қолданушысы болу үшін «Сақтандырылған» мәртебесінің маңыздылығы жоғары. Мұны ай сайын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» жарна төлеп жүрген жандар біледі.

Петропавл тұрғыны Елена Амаева кеудедегі ауырсыну, өкпеде ауа жетіспеуі салдарынан өзін жайсыз сезінген. Дәрігерлер көмегіне жүгінген келіншекке мамандар пневмония деген диагноз қойды.

Дәрігерлер бұл диагнозды жедел тексеруден кейін растап, науқасты дереу ауруханаға жатқызды.  

Менің дене қызуым көтерілді. Тыныстау қиын болды. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Мен ауруханаға жатқызады деп өзім бірден болжадым. Сақтандыру мәртебесі болған соң, алаңдаған жоқпын, — дейді пациент. 

Денсаулық сақтау саласы мамандары мен түрлі аурулардан жазылып кеткен азаматтар МӘМС-те сақтандырылған мәртебенің маңыздылығын жақсы түсінеді. Себебі. бұл статус кез келген медициналық қызметті тегін алуға кепілдік береді. Егер сақтандырылмаған болсаңыз, аурухана түгіл емханадағы тар маманның көмегіне жүгіне алмайтыныңыз хақ. 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *