Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл жолдарында қауіп төндірген жүргізуші

Облыс орталығында белгісіз азамат Қазақстан Конституциясы көшесі бойындағы супермаркеттердің бірінің маңында «BMW» автокөлігімен қауіпті маневр жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Экстремалды жүргізушінің түнгі әрекеттері бейнебақылау камераларына түскен.

СҚО ПД мәліметінше, тәртіп сақшылары көп ұзамай құқық бұзушыны анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады. 

Облыс орталығының 18 жастағы тұрғынына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар жиналды. Құқық бұзушы сот алдында жауап берді. Жаяу жүргіншілер көшесінде түнгі дрифт жасағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің төрт бабы – апаттық жағдай туғызу, маневр жасау қағидаларын бұзу, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылық бойынша жауапкершілікке тартылды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *