СҚО-да 6,9 млрд теңге көлемінде облыстық төтенше резерв бар
СҚО әкімдігі аппаратының азаматтық қорғау, терроризмнің алдын алу және ескерту бөлімінің бөлімінің басшысы Серік Ғайсиннің айтуынша, оның ішінде Есіл өзенінің негізгі салалары – Шарық пен Жембарақ өзендерінің 2 км астам арнасы тазартылды. 131 млн теңгеге Петропавлда Есіл өзенінің жағалауы бекітілді. Ал Сококловка елді мекенінің маңында 125 млн теңгеге Есіл өзенінің арнасы түзетілді.
– Заречный кенті маңында ұзындығы 4,3 км, ені – 5-21 метр болатын айналма канал салынды. Осы мақсатқа 328 млн теңге жұмсалды. Қазіргі уақытта Петропавл су қоймасынан төмен қарай ағыспен 32 км Есіл өзенінің түбін тереңдету және тазарту бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленді. Жоба мемлекеттік сараптамада жатыр, — дейді Серік Ғайсин.
Жалпы СҚО-да 112 елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан. Оның елуіне өзен-көлдердің тасуынан су кіруі мүмкін. Ауылдарды су басудан қорғау үшін ұзындығы 105 км болатын 60 бөгет салынды.
Биыл жылда су басатын Петропавлдағы Заречныйй кентінен тұрғындарды көшіру жалғасады. Бұған дейін 90 отбасы арнайы салынған пәтерлерге көшірілді. Мамыр айында 72 пәтерлік үй осы кент тұрғындарына пайдалануға беріледі. Қосымша биыл тағы 72 пәтердің құрылысы басталады.

