Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да күдіктіден 200-ден астам бір реттік синтетикалық есірткі дозасы тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын заңсыз өткізді деген күдікпен азаматты ұстады. Күдікті – Ақмола облысының 23 жастағы жұмыссыз тұрғыны.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ол бір айға жетпейтін уақыт ішінде психотроптық заттарды «жасырын орындар» арқылы таратумен айналысқан. Полицейлер күдіктіні Петропавл қаласындағы Набережная көшесінде ұстады.

Тексеру барысында оның көзілдірік қорабынан ұнтақ тәрізді зат салынған 14 орама, сондай-ақ қалтасынан тағы 60 орама тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 64,1 грамм болатын α-PvP синтетикалық есірткісі екені анықталды. Нәтижесінде 200-ден 250-ге дейін бір реттік дозаның заңсыз айналымға түсуіне тосқауыл қойылды.

Медициналық куәландыру нәтижесі күдіктінің психотроптық заттарды қолданғанын көрсетті. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *