Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда жер кезегі жылжымай отыр

Петропавлда жер учаскесін алу бойынша кезекте 23 500-ге жуық адам тұр. Биыл үй тұрғызу мақсатында 82-не қажетті жер телімі берілді.

Айта кету керек, жер учаскесі бойынша кезек 2003 жыл ашылды. Араға он жыл салып, 1 жарым мыңға жуығы ғана арманына қол жеткізіп, үй тұрғызды. Биыл небәрі 82-сі өз кезегіне жетті.

Облыс орталығында жеке тұрғын үй салуға арналған 10 сотық жерге кезек 2003 жылы басталды. Ол жылдан-жылға өсіп келеді. 2013 жылдан бері тек 1,5 мыңға жуық адам ғана көптен күткен учаскеге қол жеткізген.

Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылы 1 431 адам жер телімін алуға өтініш берді. Оның тек 46-сы ғана жерге ие болды.

Әкімдік жер телімдері «Солнечный-2» және «Оңтүстік» шағынаудандарында берілетінін еске салды. Қазіргі уақытта бұл аумақтарға инфрақұрылым желілері тартылып жатыр.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *