Жарияланған күні: 21.04.2026
СҚО-да 100-ге жуық адамды кене шақты
СҚО-да ауруханаларға кене шақты деген себеппен 98 адам көмекке жүгінді. Олардың 34-і кәмелеттік жасқа толмағандар екен.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, кене шаққан жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну қажет екенін ескертеді. Бұл ауыр салдардың алдын алуға және денсаулықты сақтауға көмектеседі.
— Кенеге қарсы профилактика шаралары қарапайым әрі қолжетімді. Соның бірі – екпе алу. Екіншіден, кененің шағуына жол бермеу, ол үшін табиғат аясына шыққанда киім жабық, ашық түсті, жеңі ұзын болуы тиіс. Репелленттер сияқты кенелерге қарсы арнайы құралдарды да пайдаланған жөн. Ал орманнан, даладан келгеннен кейін өзіңізді және балаларды үнемі тексеріп отыру қажет, — дейді мамандар.

