Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да полицейлер бетті жабуға тыйым салуды түсіндірді

Қоғамдық орындарда адамның жүзін тануға кедергі келтіретін киім элементтерін киюге тыйым салынған. Бұл талап Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері тарапынан профилактикалық рейдтер кезінде де, әлеуметтік бейнероликтер арқылы да кеңінен түсіндірілуде.

Бейнероликте көрсетілген типтік жағдайлардың бірінде бетперде мен капюшон киген азамат дүкенге кірген сәтте полицей оны тоқтатып, қолданыстағы заң талаптарын түсіндіреді.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған норма жазалау мақсатында енгізілмеген. Алғаш рет құқық бұзушылық жасаған азаматтарға ескерту беріледі. Ал бір жыл ішінде бұл талап қайта бұзылған жағдайда, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Тәжірибе көрсеткендей, өңірде сәндік мақсаттағы бетперделерді көбіне жасөспірімдер мен жастар қолданады. Осыған байланысты түсіндіру жұмыстары негізінен адам көп шоғырланатын орындарда — Петропавл қаласындағы Қазақстан Конституциясы көшесінде, сауда-ойын-сауық орталықтарында, сондай-ақ білім беру ұйымдарында жүргізілуде.
Қазіргі таңда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, соның ішінде зияткерлік бейнебақылау жүйелері арқылы адамның тұлғасын жедел тану мүмкіндігі ерекше маңызға ие.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *