Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жылдамдықты асырған жүргізуші анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында жол қозғалысы қағидаларын жүйелі түрде бұзған жүргізуші анықталды. Оқиға «Астана — Петропавл» автожолында, Келлеровка ауылы маңында тіркелді.

Полицейлер Mercedes автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында 19 жастағы елорда тұрғынының ауыл ішінде бірнеше рет белгіленген жылдамдықты өрескел асырғанын анықтады. Ол көлікті шамамен сағатына 90 шақырым жылдамдықпен басқарып, жаяу жүргіншілер мен үй жануарлары үшін, сондай-ақ басқа көлік құралдарына қатысты жол-көлік оқиғасының туындау қаупін арттырған. Жүргізушінің қайталанған құқық бұзушылықтары «Мегакам.Қорғау» жүйесі арқылы тіркелген. Жүргізуші айыппұлдың 50 пайызын оқиға орнында банк қосымшасы арқылы төлеген. Өз әрекетін ол «камераларды байқамадым» деп түсіндірген.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыға тек жаза қолданумен шектелмей, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жол қозғалысы қағидаларын сақтау бейнебақылау камераларының бар-жоғына қарамастан әрбір жүргізуші үшін міндетті екені ескертілді.

2026 жылдың бірінші тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 100 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 15 адам қаза тауып, 131 адам түрлі дене жарақатын алған. Оның ішінде 92 жол апаты жүргізушілердің кінәсінен болған, 14 адам қаза тапса, 123 адам жарақаттанған.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *