Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Полицейлер жеке куәлікті рәсімдеуге көмектесті

СҚО-да ұзақ жылдар бойы құжатсыз жүрген 58 жастағы ер адамға алғаш рет жеке куәлік табысталды. Оның жағдайын Қызылжар ауданының учаскелік полиция инспекторы Бахтияр Амангелдиев анықтаған.

Жақында көшіп келген азаматпен әңгімелесу барысында оның 1992 жылы барлық құжаттары, соның ішінде кеңестік төлқұжаты ұрланғаны белгілі болған. Сол уақыттан бері ол жеке құжаттарын қайта қалпына келтірмей, ресми тіркеусіз жұмыс істеп, мемлекеттік органдарға жүгінбей келген.


Учаскелік инспектордың араласуынан кейін жағдай оң шешімін тапты. Оның бастамасымен азамат көші-қон қызметіне жүгініп, жеке басын анықтау бойынша ұзақ әрі бірнеше кезеңнен тұратын тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде оның азаматтығы расталды. Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы оған алғаш рет жеке куәлік берілді. Енді ол медициналық қызметтерді, әлеуметтік төлемдерді және өзге де мемлекеттік қолдауларды толық пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон қызметінің қызметкерлері құжатсыз жүрген 17 адамның құқықтық мәртебесін анықтаған. Қазіргі таңда тағы бірқатар істер қаралу үстінде.

Полицейлер азаматтарға құжаттарды уақтылы рәсімдеудің маңызын еске салып, алғаш рет жеке куәлік алатын тұлғалар мемлекеттік баж төлеуден босатылатынын атап өтті.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *