Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да «МаслоДел» кәсіпорнының астық кептіргіші өртке оранды

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимское ауылында «МаслоДел» ЖШС-де өрт шықты. Мамандардың мәліметінше, қызыл жалын бүгін таңғы сағат 6.30 шамасында тіркелді.

Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру қызметтері жұмылдырылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға бірнеше ауданның өрт сөндірушілері тартылды. Сондай-ақ СҚО ТЖД мамандары жұмылдырылды. Жалпы саны 35 қызметкер мен 8 негізгі техника жұмыс істеді.

Өртті сөндіру жұмыстарына қосымша 7 арнайы техника тартылды. Олардың қатарында ассенизатор, бензовоздар, 30 метрлік кран, «Жаңа Есіл» станциясынан келген өрт сөндіру пойызы, тиегіш және манипулятор бар.

СҚО ТЖД мәліметінше, түске қарай нысандағы өрт оқшауланды. Көрші ғимараттарға таралуына жол берілген жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары, «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекеті, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» АҚ Ақмола филиалының өртке қарсы қызметінің өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *