СҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны азайды
Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық өткен кезеңге қарағанда төмендеді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025-2026 жылғы эпидемиялық маусымда ЖРВИ-нің 73 447 жағдайы тіркелген. Өткен маусымның ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 7,7% — ға төмендеуі байқалады. Өткен эпидемиологиялық маусымда 79 636 жағдай болды. Соңғы аптада ЖРВИ-нің 2115 жағдайы тіркелді. Науқастардың ең көп саны 14 жасқа дейінгі балалар арасында байқалады — 46 533 жағдай немесе 63%.
Облыста риновирустар — 61 жағдай, бокавирустар — 10 жағдай, аденовирустар — 4 жағдай, МС-вирус — 27 жағдай тіркелді.
Осы эпидемиялық маусымда А типті тұмаудың(H3N2) 221 жағдайы анықталды. Бірінші жағдай 2025 жылдың 7 қарашасында тіркелді. Ересектер арасында тұмаумен 132 адам, балалар арасында — 89 адам ауырған.

