Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Ұлттық кітап күні»: Студенттер»Тағдыр романын талқылады»

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Бір ел – бір кітап» республикалық бастамасы және «Кітап-AMANAT» жобасы аясында конференция ұйымдастырылды. Жиында 2026 жылдың таңдаулы кітабы ретінде белгіленген Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» тарихи романы кеңінен талқыланып, ұлттық бірегейлік, тарихи жады және рухани беріктік мәселелері сөз болды.

Іс-шараға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студент жастар және қала мектептерінің оқушылары қатысты. Әсіресе, Тіл және әдебиет институты студенттерінің баяндамалары ерекше қызығушылық тудырды. Олар шығарманы жан-жақты саралап, негізгі оқиға желілеріне қатысты пікірлерін білдіріп, романның қазіргі қоғамдағы маңыздылығын атап өтті.

Конференция бағдарламасы аясында ашық пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылар өзара ой бөлісті, сондай-ақ тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді. Университеттің бірінші курс студенті Арсен Баймақанов жасанды интеллекттің көмегімен шығарманың мазмұнын жеткізіп, оның негізгі идеялары мен мәнін ұсынды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай кездесулер ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, жастардың зияткерлік дамуына оң әсер етеді.

— Бұл туынды тек тарихи оқиғаларды ғана емес, сонымен қатар адам жанының тереңдігін, оның күресі мен құндылықтарын түсінуге жол ашады. Жастар үшін осындай талқылаулардың маңызы зор, өйткені олар тарих пен мәдениетке деген саналы көзқарасты қалыптастырады, – деп атап өтті «AMANAT» партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.

Қабдеш Жұмаділов (1936-2021) – Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі. Оның шығармалары әдеби ортада жоғары бағаланып, оқырмандар тарапынан кең қолдау тапқан.

«Тағдыр» романы тарихи отанынан алыста өмір сүрген қазақ халқының күрделі тағдырын бейнелейді. Шығармада ұлттық болмыс, тарихи жады және адам төзімділігі сияқты маңызды тақырыптар қамтылып, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында айрықша мәнге ие болып отыр.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *