Жарияланған күні: 24.04.2026
Сергеев су қоймасында судың деңгейі көтерілуде
Сергеев су қоймасы 120% толған. Өткен тәуліктің ішінде судың деңгейі 14 см-ге көтерілген.
Сергеевка қаласы маңында Есіл өзенінің деңгейі бір тәулікте 89 см-ге көтерілді. Бөгеттің жотасы арқылы тасыған су биіктігі қазір 116 см-ге жетті. Ал Петропавлдағы гидрологиялық нысанда су деңгейінің 12 см-ге төмендегені тіркелді.
Гидрологтардың болжамынша, Петропавлға су тасқынының екінші толқыны мамыр айының басында келмек. Бірақ оның ауқымы былтырғыдай болмайды.

