Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да әйел мәйітті кереуеттің астында сақтаған

Облыста танысын өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына жасырған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Оқиғадан кейін ол бірнеше күн бойы әдетінше өмір сүріп, жұмысқа барып жүрген.

Адамшошырлық іс СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Қызылжар ауданы Бескөл ауылының 53 жастағы тұрғыны айыпталды.

Іс материалдарына сәйкес, биыл 27 ақпанда әйел аулаға шығып, отын жармақ болып қолына балта алған сәтте үйіне танысы келген. Ер адам қатты мас болған. Әйел одан кетуін сұрағанымен, ол үйде қалғысы келген.

— Сот үкімінде айыпталушының жауабы келтірілген. Оның айтуынша, ол есікті жабу үшін ер адамның арт жағынан айналып өткен. Сол кезде ер адам оған қарай құлай бастаған. Әйелдің сөзінше, ол «аздап қорқытпақ болып» балтамен екі рет жылдам соққы жасаған. Алайда балтаның шүйдесіне дүмімен емес, өткір жүзімен тигенін байқамағанын айтқан. Соққыдан кейін жәбірленуші етпетінен құлаған, — делінген үкімде.

Осыдан соң әйел едендегі қан іздерін жуып, тіршілік белгісі байқалмаған ер адамды бөлмеге сүйреп апарып, кереуеттің астына жасырған. Кейін бірнеше күн бойы жұмысқа барып, көршілерімен және ауылдастарымен сөйлесіп, үйіне қайтып келіп жүрген. Тіпті мәйіт жатқан кереуеттің үстінде ұйықтаған.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *