Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да көктемгі егіс науқаны басталды

Солтүстік Қазақстан облысында жекелеген шаруашылықтар көктемгі егіс науқанына кірісті. Биыл өңірде 4,3 млн гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының «АқЖер 2010″ ЖШС егістіктерінде әдеттегідей ауа-райына және топырақтағы ылғал қорына бағдарлана отырып, басқалардан бұрын егіс егуге кіріседі.

Аграршы Александр Хитровтың айтуынша, бұл тәсіл көктемгі ылғалды барынша пайдалануға және күзгі жаңбыр басталғанға дейін егін жинау науқанын бастауға мүмкіндік береді.

— Биыл 20 сәуірде егіс науқанын бастап кеттік. Майлы дақылдардың 50% ы күнбағыс, рапс, ал 50% — ы бидай. Егіс науқанына нақты жоспар белгіленбеген. Ауа райын дұрыс қолданып, науқанды уақытылы бастау қажет деп ойлаймын. Тиісті жұмыстарды 15 мамыр күні аяқтауды жоспарлап отырмыз, — дейді «АқЖер 2010″ ЖШС басшысы Александр Хитров.

 

Өңір шаруалары жанаржағармай материалдарымен қамтамасыз етілуде. Литріне 281 теңгеден 59 мың тоннаға жуық жеңілдікті дизель отыны бөлініп отыр. Сонымен қатар, топырақ құнарлылығын сақтау және өнімділікті арттыру үшін 400 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарлануда.

— Ағымдағы жылы егіс алқабы 4,3 млн гектарды құрайды. Әртараптандыру шеңберінде дәнді дақылдар 100 мыңға азаяды және 2,9 млн гектарды құрайды. Жоғары маржиналды майлы дақылдар тура 1 млн гектарды құрайды. Жемшөп 405 мың гектар жерге орналастырылады. Өткен жылдың деңгейінде көкөністер мен картоп тиісінше 8 600 және 1 400 гектар, деп түсіндірді СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дәурен Токужинов.

Сондай-ақ, өңірде жүгерінің егіс алқабын 15 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда. Өңірдегі техниканың көктемгі жұмыстарға дайындығы 100% құрайды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *