Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Полицейлер қызметте дрондарды пайдалануда

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясының базасында алғаш рет ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану бойынша арнайы оқудан өтті.

Апталық курс әскери технологиялар және күзет жүйелері кафедрасында үш топқа арналған форматта ұйымдастырылды. Сабақтарды ұшқышсыз авиациялық жүйелер циклының жетекшісі, подполковник Жасұлан Сұлтанбеков жүргізді. Ол — осы сала бойынша бірнеше оқу құралының авторы әрі тәжірибелі маман.

Дайындық бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерді қамтыды. Қатысушылар құқықтық негіздермен, әуе кеңістігін пайдалану тәртібімен танысып, техникалық құрылғылардың құрылысын және басқару дағдыларын меңгерді. Оқытушылардың жетекшілігімен полицейлер дрондардың құрылымын зерделеп, оларды ұшыру мен қондыруды орындап, бастапқы пилоттау машықтарын жетілдірді.

Оқыту СҚО ПД бастығы Абай Жүсіповтің бастамасымен және академия басшылығымен бірлесіп, Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылды. Алғашқы кезеңде бөлімше басшылары даярлықтан өтсе, кейін облыстық және қалалық аппарат қызметкерлері оқытылды. Бүгінде алынған дағдылар қызмет барысында белсенді қолданылып келеді.

Дрондар із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіруде, құқық бұзушыларды анықтауда, жол жағдайын бақылауда және көшелердегі құқық бұзушылықтардың алдын алуда тиімді пайдаланылуда. Бұл жұмыс «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасының міндеттерін іске асырып, оқиғаларға жедел әрекет етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және өңірдегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *