Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да заңсыз қоқыс орны жойылды

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы Донецкое ауылы маңында полицейлер заңсыз қоқыс төгілген орынды анықтады. Тексеру барысында оның пайда болуына 45 жастағы жергілікті тұрғынның қатысы бар екені белгілі болды. Ол КамАЗ жүк көлігімен аталған аумаққа көң төккен.

Құқық бұзушы абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 86 500 теңге көлемінде айыппұл төледі. Сонымен қатар полицияның талабы бойынша заңсыз төгілген қалдықтарды өз күшімен шығарып әкетті.

Ауылдық округ тұрғындарымен және жергілікті атқарушы органдармен мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Полицияның мәліметінше, заңсыз қоқыс орындарын анықтау және жою «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Бұл бастаманың негізгі мақсаты — өңірде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау.

Жыл басынан бері облыс орталығының өзінде абаттандыру қағидаларын бұзудың шамамен 2 мың дерегі анықталған. Көп жағдайда құқық бұзушыларға ескерту жасалса, өрескел заң бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға айыппұл салынады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *