Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Айыртау ауданы туристік маусымға дайын ба?

Айыртау ауданында жазғы туристік маусымға қызу дайындық жүргізілуде. Айта кету керек, үш аптадан кейін жазғы туристік маусым басталады. 

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Айыртау ауданындағы Шалқар–Имантау курорттық аймағын аралап көрді. Бұл — ерекше табиғи және туристік әлеуеті бар, сакралды мәнге ие аумақ.

Соңғы екі жылда Шалқар көлі жағалауында 21 шақырым автомобиль жолы салынды, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. 2025 жылы 5,2 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, 7 туристік нысан қосылды, алдағы уақытта тағы 12 шақырым желі тарту жоспарланған.

Қазіргі таңда ауданда 44 демалыс базасы жұмыс істейді. Туристік маусымға сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Демалушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы ерекше бақылауға алынған. Өткен жылдан бері курорттық аймақта модульдік құтқару станциясы жұмыс істеп, туристік полицияның кезекшілігі ұйымдастырылған.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *