Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда Отан қорғаушылар күні аталып өтілді

Петропавлда Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Қаланың бас алаңында Отан қорғаушылар күніне орай аймақ басшысы жиналғандарды мемлекеттік мерекемен құттықтап, ел қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі әскери қызметшілер мен күштік құрылымдар өкілдерінің ерекше рөлін атап өтті.

— Әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдегі тұрақтылықты сақтау және мемлекеттілікті нығайту ісінде маңызды рөл атқарады. Олар күн сайын ерлік пен жоғары жауапкершілік танытып, антқа адалдықтарын дәлелдеп, заң мен тәртіпті сақтауға, азаматтардың құқығы мен тыныштығын қорғауға елеулі үлес қосып келеді, — деді өңір басшысы.

Салтанатты іс-шара барысында бірқатар қызметкерлер жоғары кәсібилігі, мінсіз қызметі және өз міндеттерін адал атқарғаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Мереке күнінде құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасы жаңа қызметтік автокөліктермен толықты. Салтанатты іс-шара барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов полиция қызметкерлеріне 80 жаңа автокөліктің кілтін табыс етті.

Автопаркті жаңарту жедел әрекет ету тиімділігін арттыруға, қызметтік жағдайды жақсартуға және қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі нығайтуға бағытталған.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *