Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО әкімі жерлестерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Әлеуметтік желіде облыс әкімі барша солтүстікқазақстандықтарды мерекемен құттықтап, Отан қорғаушылар күнінің маңыздылығын атап өтті.

 — Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке — ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзеткен, Отанға адал қызмет еткен барша азаматтардың ерлігі мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.

Отанды қорғау — әрбір азаматтың жоғары жауапкершілігі мен қасиетті борышы. Әскери қызметшілер, күштік құрылымдар қызметкерлері мен сала ардагерлері — мемлекеттің сенімді тірегі, ел қорғаны, ерлік пен ар-намыстың, әскери антқа адалдықтың жарқын үлгісі.

Бұл күн — ерлік пен батырлықтың, патриотизм мен туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің символы. Өңіріміздің тұрақтылығы мен дамуы, қоғамдағы татулық пен келісім — барша тұрғындардың бірлігі мен еңбегінің нәтижесі. Ел игілігі жолындағы ортақ мақсаттарға адалдық — басты құндылығымыз болып қала береді.

Баршаңызға зор денсаулық, амандық, отбасылық бақыт, бейбіт өмір мен өркендеу тілеймін. Әр шаңырақта тыныштық пен береке орнап, ертеңгі күнге деген сенім әрдайым нық болсын! — деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *