СҚО әкімі тыл еңбеккерлерін құттықтады
Биыл Ұлы Жеңістің 81 жылдығы тойланады. Мереке қарсаңында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов тыл еңбеккерлерімен кездесті.
Асия Мұхамеджанқызы Әжібаева соғыс жылдары тылда еңбек етіп, тігінші болып жұмыс істеп, Жеңіске өз үлесін қосты. Биыл 17 мамырда ол 100 жасқа толады. Асия апай — қайсарлықтың, еңбекқорлықтың және өмірлік төзімділіктің жарқын үлгісі.
Сондай-ақ облыс әкімі Қызылжар ауданы Петерфельд ауылында тұратын Тамара Гавриловна Липченкоға барды. Соғыс жылдары ол бала күтуші болып, кейін аяқ киім фабрикасында еңбек етіп, блокаданың ауыр сынақтарын бастан өткерген.
Өңір басшысы тыл ардагерлерін олардың өлшеусіз еңбегі, ерлігі мен төзімділігі үшін шынайы алғысын білдірді. Бүгінде өңірде балалық және жастық шағы соғыстың ауыр жылдарымен тұспа-тұс келген 1844 адам тұрады.

