Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында батырларға тағзым көрсетілді

Мамлют ауданына қарасты Үшкөл және Владимировка ауылдарында Ұлы Отан соғысының батырларына арналған еске алу шаралары өтті.
Бұл күні «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында елдің еркіндігі мен бейбіт болашағы үшін күрескен қаһармандар рухына тағзым етіліп, олардың ерлігі ұлықталды. Оған облыс әкімдігі, «AMANAT» партиясы СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов пен ауыл белсенділері қатысты.
Осы маңызды датада ерекше аталып өткен тұлға – Кеңес Одағының батыры Әбу Досмұхамбетов. Оның тағдыры осы жермен тығыз байланысты. 1920 жылы 15 маусымда дәл осы Үшкөл ауылында дүниеге келген батырдың туған жері бүгінде картада жоқ болса да, жергілікті тұрғындар мен қонақтар үшін ол ерлік пен табандылықтың, Отанға деген шексіз адалдықтың символы болып қала береді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Әбу Досмұхамбетов майданда ерекше көзге түсіп, жанқиярлық ерлік көрсетті. Оның батылдығы мен жауынгерлік еңбегі жоғары бағаланып, Кеңес Одағының батыры атағымен марапатталды. Оның есімі қазақ халқының тарихында жауынгерлік ар-намыс пен Отан қорғаудағы ерліктің жарқын үлгісі ретінде мәңгі сақталады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *