Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО әкімі МТРК арнасында болды

МТРК телеарнасы 28 жылдан астам уақыт бойы өңірдегі маңызды оқиғаларды жедел әрі объективті түрде халыққа жеткізіп, тұрғындар үшін сенімді ақпарат көзіне айналып отыр.

Қазіргі таңда арна ұжымы заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа ғимаратта жұмыс істеуде. Мұнда сапалы әрі кәсіби медиаконтент әзірлеуге барлық жағдай жасалған. Өңір басшысы редакцияның жұмысымен, техникалық мүмкіндіктерімен танысып, арна қызметкерлерімен жүздесті.

Кездесу барысында телеарнаны одан әрі дамыту бағытындағы жоспарлар талқыланды. Атап айтқанда, жаңа студия ашу, техникалық базаны жаңғырту және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу көзделуде. Бұл өз кезегінде эфир сапасын арттырып, контенттің мазмұнын одан әрі заманауи әрі сұранысқа ие етуге мүмкіндік береді.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов МТРК ұжымына кәсібіне адалдығы, жауапкершілігі және өңірлік журналистиканың дамуына қосып жүрген үлесі үшін алғыс білдірді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *