Жарияланған күні: 13.05.2026
Петропавлда «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында азаматтарды қабылдау шарасы өтті
Облыс орталығында «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдау барысында тұрғындар несие жүктемесі, берешекті қайта құрылымдау, әлеуметтік көмек алу, жұмыспен қамту және құқықтық мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға қолдау көрсету, олардың мәселелерін заң аясында шешу жолдарын қарастыру және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру.
Қабылдауға келген тұрғындарға сала мамандары кеңес беріп, әрбір өтініш жеке қаралды.
Жоба аясында азаматтарға несие төлемдерін кейінге шегеру, қарызды қайта қаржыландыру, банкроттық рәсімдері мен әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта да «Қарызсыз қоғам» жобасы шеңберінде халықпен кездесулер мен кеңес беру шаралары жалғасады.

