Жарияланған күні: 14.05.2026
Қоян-қолтық ұрыстан турнир өтуде
Петропавлда Ұлттық ұлан қатарында қызмет ететін әскери қызметшілер арасында қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир бастау алды.
Жарыс кикбоксшы, офицер Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналды.
Жарыс жолына 70-ке жуық сарбаз шықты. Олар 7 салмақ дәрежесі бойынша мықтыны анықтады.
Сайыс 16 мамыр күні аяқталып, жүлдегерлер марапатталатын болады.

