Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ның киелі жерлері картаға енгізілді

Облыстың киелі жерлер белгілеген карта «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Оған өңір аумағындағы 34 тарихи-мәдени ескерткіш енді.

СҚО мемлекеттік архивтің мәліметінше, киелі жерлер картасына мемориалдық кешендер, музейлер, мешіттер, шіркеулер және батырлар кесенелері бар. Соның ішінде республикалық маңызы бар киелі нысандар қатарына енген Қарасай мен Ағынтай мемориалдық кешені, «Абылайдың резиденциясы» музейі, Ботай қонысы, Қожаберген жырау, Құлсары батыр, Ноғайбай би, Ақан сері кесенелері және Уәлихановтар әулетінің қонысы бар.

— Еліміздің әрбір жері – өзен-көлі, орманы, кең даласы біз үшін киелі. 2017 жылы біз ЭКСПО-ға киелі жерлер картасын әзірледік, бірақ оған өңірдегі ірі нысандар ғана кірді. Бұл негізінен Ресей, Моңғолиядан алынған 2 мыңнан астам республикалық карталар базасынан жасалынған СҚО-ның топографиялық картасы. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында анықталған елді мекендердің атаулары сол күйінде қазақи белгіленген. Тарихи орындар ғана емес, әулиелердің мазары, тарихи оқиғалар болған жерлердің атаулары, осы өлкеде кезінде белгілі болған, бірақ есімі ұмыт қалып, зерттеуді қажет ететін аталарымыздың зираты табылып, енгізілді, — дейді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.

Бұл картаның авторы – белгілі тарихшы, зерттеуші, шежіреші және картограф Ғизат Табулдин.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *