Жарияланған күні: 15.05.2026
«AMANAT» партиясының хатшысы тұрғындармен жүздесті
«AMANAT» партиясының хатшысы Александр Даниловтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары партиялық жобаларды дамыту, халықпен өзара іс-қимылды күшейту және өңір тұрғындарымен кері байланысты нығайту мәселелеріне арналды.
⠀
Облыс орталығында Александр Данилов облыстық мәслихаттағы партия фракциясының депутаттарымен кездесті. Іс-шара барысында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру, Жол картасының орындалуы, сондай-ақ өңірді дамытудың басым бағыттары талқыланды. Цифрландыру, инфрақұрылымды жаңғырту және жергілікті жерлердегі депутаттық корпустың жұмыс тиімділігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

⠀
Сапар аясында партия хатшысы «Орталық» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен де кездесті. Кездесу барысында партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттер табысталды. Қатысушылар бастауыш партия ұйымдарының халықпен диалогты нығайтудағы және «Халықпен бірге» қағидатын жүзеге асырудағы рөлін талқылады.
⠀
Кейін Александр Данилов Солтүстік Қазақстан университетінде жастармен және партия белсенділерімен жүздесті. Ашық диалог форматында жастар бастамаларын қолдау, креативті индустрияларды дамыту, цифрлық технологиялар және жастарды қоғамдық-саяси өмірге тарту мәселелері талқыланды. Александр Данилов бүгінде партия жаңа идея ұсынып, өңірлердің дамуына үлес қоса алатын белсенді жастарға басымдық беріп отырғанын атап өтті.

