Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда ТҮКШ инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері қаралды

Петропавлда облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен «TURGYNDAR AMANATY» өңірлік форумы өтті. Шарада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы негізгі міндеттер қаралды.

Тұрғын үй реформасы тек басқару жүйесін жетілдірумен шектелмей, сонымен қатар тұрғындар арасында жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға және өзара тиімді іс-қимылды нығайтуға бағытталған маңызды үдеріс болып табылады.

Соңғы жылдары өңірде бұл бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Облыста 1 920 көппәтерлі тұрғын үй бар, 511 мүлік иелері бірлестігі құрылып, 946 кондоминиум нысаны тіркелген. Бұл көрсеткіштер тұрғын үй иелері, ОСИ төрағалары, сала мамандары және белсенді азаматтардың бірлескен жұмысының нәтижесі болып отыр.

— Қазіргі таңда тек қол жеткізген жетістіктермен шектеліп қалмай, саланы одан әрі жүйелі түрде жаңғырту аса маңызды. Тұрғын үйлерді сапалы басқару, инженерлік желілердің сенімді жұмыс істеуі, аулаларды абаттандыру және халықпен ашық диалог орнату – тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне тікелей ықпал етеді,- деді өңір басшысы.

Форум сала мамандары мен тұрғындар арасындағы ашық пікір алмасу алаңына айналып, тәжірибе бөлісуге және тиімді шешімдер ұсынуға мүмкіндік берді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *