Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Облыс тұрғындарын су және жол мәселелері толғандырады

«AMANAT» партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов азаматтарды қабылдады. Өңір тұрғындары инфрақұрылым сапасын жақсарту және тұрмыс жағдайына қатысты мәселелермен жүгінді.
Уәлиханов ауданының тұрғыны Көбенсай ауылына кіреберіс жолды жөндеу мәселесін көтерді. Өтініш иесінің айтуынша, аталған жол учаскесін орташа жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мердігер анықталып, келісімшарт жасалған. Алайда биыл жобаға қаржыландыруға қолдау таппаған. Қабылдау барысында тұрғын осы мәселені шешуге ықпал етуді сұрады. Нұрлан Кеңесов қаржыландыру мәселесі қазір пысықталып жатқанын және жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп шешіліп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, Қызылжар ауданындағы Белое ауылында ауызсу жүйесінің жоқтығы және Петропавл қаласындағы Береке шағын ауданындағы Гагарин көшесіне жөндеу жүргізу қажеттігі туралы өтініш айтылды. Аталған мәселелер бойынша салалық мекемелерді тарта отырып, шешу жолдары қарастырылатын болады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *