Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да «Құқықтық дәріханаға» 132 тұрғын жүгінді

Петропавл қаласы мен облыс аудандары прокуратураларының қызметкерлері кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді. Оның шеңберінде Есіл ауданының тұрғынына тұрғылықты және уақытша болатын жері бойынша тіркеу тәртібі түсіндірілді.
Акция аясында Ақжар ауданында өтініш берушіге жеке басын куәландыратын жоғалған құжаттарды қалпына келтіру тәртібі түсіндірілді. Ал Қызылжар ауданында «Құқықтық дәріханаға» өтініш беруші жәрдемақы алу мәселесі бойынша өтінген, прокурорлар қажетті құжаттарды жинау және оларды жәрдемақы төлеу үшін аудандық жұмыспен қамту бөліміне беру үшін сол жерде жедел көмек көрсетті.
«Құқықтық дәріхана» аясында Айыртау ауданының тұрғынына үй салу үшін жер учаскесін алу бойынша заңға түсініктеме берілді.
«Құқықтық дәріханаға» облыстың 132 тұрғыны әртүрлі мәселелер бойынша өтініш білдірді, ағымдағы жылдың басынан бері прокурорлар 18 қабылдау өткізіп, 1000-нан астам азамат қабылданған.
«Құқықтық дәріхана» әр сейсенбі сайын Петропавл қаласында «Рахмет» СҮ-де, облыстың аудан орталықтарында, орналасқан жері ойын-сауық орталықтары, ХҚКО, мәдениет үйлері, аудандық ауруханалар және т.б. азаматтарды қабылдайды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *