Петропавлда «Денсаулық аралы» акциясы бастау алды
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО филиалы денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, «Денсаулық аралы» атты акциясы қолға алды. Іс-шараға әр түрлі жастағы 70-тен аса қала тұрғыны қатысты.

Акцияға өз денсаулығының жәй-күйін білуге жиналғандар қарасы қалың. тұрғындар артериялық қысымын, қандағы қант мөлшерін өлшеумен қоса және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы толыққанды ақпаратты тегін ала алады.
— Акция дәстүрлі. Биыл «Сити Молл» сауда орталығында 4 бірдей емхананың мамандары қалалықтардың денсаулығын тексеруде. Небәрі бір сағаттың ішінде 30 адам қан қысымы мен қандағы қантты өлшеді, — дейді №1 қалалық емхананың қызметкері Елена Зель.
«Денсаулық аралы» акциясына 19 және 20-шы шағын аудандарының тұрғындары белсене қатысты. айта кеткен жөн, осындай іс-шара алдағы күндері қаланың басқа да сауда үйлерінде өткізу жоспарланған.

