Петропавлда 3 эко-парк ашылады
Петропавл қаласының айналасында үш эко-парк ашу жоспарланып отыр. Жалпы аумағы 95,1 гектарды құрамақ.
Оның бірі Пестрое көлінің маңында салынады. Ол триатлонды дамытуға бағытталмақ. Бұл парк барлық жастағы тұрғындарға қолайлы инклюзивті демалыс аймағы ретінде жобаланған. Нәтижесінде жағажай аймағы жаңғыртылады.

Тағы бір ерекшелігі — балалар үшін экологиялық қауіпсіз, табиғи материалдардан жасалған ойын алаңдары орнатылады.
Екінші жоба — «GREEN PARK» отбасылық демалыс паркі. Оның аумағы 39,6 гектарды алмақ. Бұл парк жыл бойы жұмыс істейтін көпфункционалды демалыс орнына айналмақ.
Әрине бұл жоба бүгіндері жүзеге асырылған. Десе де, дәстүрплі отбасылық саябақ кеңейтіліп, шағын зообақ орын теуіп, жаңа демалыс коттедждері бой түземек.
Тағы бір парк — «Волна» демалыс базасында орналаспақ. Вороний аралында парктің аумағы -14,5 гектар.

