Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Зейнеткер 7 млн теңгесінен айрылды

Петропавлдың 77 жастағы тұрғыны алаяқтардың құрығына түсіп, жинаған барлық қаражатынан айырылған.

СҚО полиция мәліметінше, зейнеткер Instagram әлеуметтік желісінде инвестиция арқылы жоғары табыс табу туралы жарнаманы көрген. Қызығушылық танытқан әйел көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, байланыс деректерін қалдырған.

Көп ұзамай оған өзін инвестициялық компания өкілдері ретінде таныстырған адамдар хабарласқан. Олар түрлі тәсілдермен сенімге кіріп, инвестициялық жобаға қаржы салу арқылы қысқа мерзімде қомақты пайда табуға болатынын айтқан, ақша салуға көндірген.

Сәуір айының соңы мен мамыр айының басы аралығында алаяқтар әйелді бірнеше мәрте ақша аударуға итермелеген. Салдарынан зейнеткер барлық жинаған қаражатын белгісіз есепшоттарға жіберген. Материалдық шығын көлемі 7 млн теңгеден асқан.

Қомақты қаржыны қолға түсіргеннен кейін алаяқтар байланысқа шығуды тоқтатқан. Сол кезде ғана өзін алданғанын түсінген қала тұрғыны құқық қорғау органдарына жүгінген.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Полицейлер жәбірленушінің ақшасын елден шығаруға пайдаланылған шот иелері — үш дропперді анықтады. Әйелдің азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен олардан келтірілген шығынды өндіріп алуға мүмкіндігі бар.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *