СҚО-да оңалтуға 714 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды
Жыл басынан бері облыстың медициналық ұйымдарында тәулік бойғы және күндізгі стационарларда оңалтудан өткен пациенттер саны 1 308 болып отыр. Бұл мақсатқа МӘМС жүйесі есебінен — 359 млн.194 мың теңге қарастырылды. Ал амбулаторлық деңгейде өңір тұрғындарына 142 550 оңалту қызметі көрсетіліп, оның сомасы 79 млн. 945 мың теңгені құрады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚОФ директоры Айнагүл Давлетчинаның айтуынша, биыл оңалту шараларына қомақты қаражат қарастырылған. Мәселен, өткен жылдың осы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 656 млн. теңгедей қаражат жұмсалды.
— Жыл басынан бері МӘМС аясында науқастарға жалпы 714 млн. теңгеден астам қаражатқа оңалту шаралары жасалды. Олар күндізгі, тәуліктік және амбулаторлық стационарларда көрсетілді. Сондай-ақ бұған қоса, балаларға да тиісті қалыпқа келтіруге бағытталған бағдарламалар қарастырылды, — деді Айнагүл Давлетчина.
Айта кету керек, 2026 жылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыруқоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы 46 медициналық қызмет көрсетушімен келісімшарт жасасты. Оңалту облыстың 15-і медициналық ұйымында қолжетімді екенін атап өткен жөн. Оның ішінде екі аудандық ауруханада, атап айтқанда Тайынша және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарында бар.
— Оңалту үш кезеңнен тұратынын атап өткен жөн. Бірінші кезең – аурудың жіті, субакуталық кезеңдерінде, сондай-ақ хирургиялық араласулар мен жарақаттар кезінде медициналық оңалту емдеу шеңберінде асқынулардың алдын алу және функционалдық қалпына келтіруді жеделдету үшін реабилитолог дәрігердің консультациясынан кейін мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін стационарлардың (реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері немесе мамандандырылған бейінді бөлімше) құрылымдық бөлімшелерінде клиникалық хаттамаларға сәйкес жүргізіледі.
Екінші кезең – медициналық оңалту республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған бөлімшелерінде немесе оңалту төсектерінде, мамандандырылған оңалту орталықтарында, көпбейінді стационарларда жүргізіледі. Ол аурудың басталуынан бастап 9 ай ішінде нозологияға, пациенттің жай – күйінің ауырлығына, биоәлеуметтік функцияның бұзылуына байланысты емдеу (хирургиялық араласу) ұзақтығы мен халықаралық жіктеу критерийлер, мультидисциплинарлық топ мамандарының қатысуымен тіршілік әрекеті мен денсаулығының шектеулері негізінде жүргізіледі. Екінші кезең курстары арасындағы интервалдың ұзақтығы кемінде 30 күнді құрайды.
Үшінші кезең негізгі ауруды емдеу аяқталғаннан кейін, туа біткен ауруларда және халықаралық жіктеу критерийлерін бағалағаннан кейін биоәлеуметтік функцияның бұзылу сақталғанда жүзеге асырылады, — дейді филиал басшысы.
Қор филиалының ақпараты бойынша МӘМС аясында балаларды оңалту бағдарламалары да қарастырылған. 0 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар жеңілдік санатына кіреді. Жыл сайын МӘМС жүйесінде қалпына келтіру бағдарламалары қолжетімді болып, саны артуда. Оңалтудан өту үшін пациенттерге МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу жеткілікті, яғни осы мәртебеге иеболу үшін азаматтар 12 ай бойы үздіксіз жарна төлеуі шарт немесе жеңілдікті санатқа (балалар, зейнеткерлер,студенттер, әскери қызметшілер, жүкті әйелдер, көпбалалы аналар (6 және одан да көп балалар) және т.б.)қатарында болуы қажет.

