Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да азық-түлік бағасын өсіргендерге 3,8 млн теңгеге айыппұл салынды

СҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын негізсіз қымбаттатқан кәсіпкерлер 50-ге тарта кәсіпкер анықталды. Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің мәліметінше, оларға биыл 3,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Азық-түлік бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлердің 18-і жыл ішінде қайталап заң бұзған. Заңнамаға сәйкес талаптарды қайта бұзған жағдайда жаза мөлшері едәуір ұлғаяды.

Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 31 атау енгізілген. Бұл санаттағы өнімдерді сату кезінде кәсіпкерлер белгіленген сауда үстемесін сақтап қана қоймай, олардың сатып алынған бағасын растайтын барлық құжаттарды ұсынуға міндетті. Олардың қатарында жеткізу шарттары, шот-фактуралар, жүкқұжаттар және өндірушінің немесе жеткізушінің босату бағасын растайтын құжаттар болуы тиіс. 

— Сауда орындары тауар бағасын ұлттық валюта — теңгемен көрсетуге міндетті. Тауарды көрсетілген бағадан жоғары сатуға да жол берілмейді. Мұндай фактілер анықталған жағдайда да әкімшілік жауапкершілік көзделген. Заңнама сауда желілері мен ірі сауда нысандарының өнім берушілермен қарым-қатынасын да реттейді. Мәселен сауда желілеріне тауарды сауда нысандарына кіргізуден негізсіз бас тартуға тыйым салынған. Бұл талаптар отандық өндірушілердің өнімдерін нарыққа еркін шығаруға және әділ бәсекелестік ортаны қалыптастыруға бағытталған, — дейді СҚО сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің Ғалымжан Ильясов.

Егер тұрғындар сауда заңнамасы талаптарының бұзылғанын байқаса, олар «е-Өтініш» жүйесі арқылы уәкілетті органға жүгіне алады. Өтінішпен бірге чек, фото немесе бейнематериал секілді дәлелдемелер ұсынылуы қажет. 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *