Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО халықты әлеуметтік қорғау департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Гүлбақыт Хәкімқызы Манабаева Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Гүлбақыт Хәкімқызы 1982 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы.
2004 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Биология-химия» мамандығы бойынша, 2007 жылы Орталық Азия университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы қалалық классикалық гимназиясында химия пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2011 – 2024 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бас маманы, бөлім басшысы, басшы орынбасары қызметтерін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *