Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Облыста дропперлер сотталды

Облыста 2025 жылдың жазында ұсталынған дропперлерге қатысты сот отырысы өтті. Олардың жастары 20 мен 25 арылығында. 

Облыстық соттың ақпаратына сәйкес, қылмыскерлердің интернет-алаяқтықтың 31 фактісіне қатысы болған. Оқиға желісіне тоқталсақ, шетелде отырған алаяқтар қазақстандықтарға ұялы байланыс операторларының, банк қызметкерлерінің және басқа ұйымдардың атынан хабарласқан. Әртүрлі сылтаумен олар адамдарды SMS-хабарламалардағы кодтарды айтуға көндірген. Кейін қылмыстық схеманың басқа қатысушылары жәбірленушілерді әлдекімдер олардың қаржысына қауіп төндіріп жатыр деп сендіріп, адастырған. Сенімге кірген қаскөйлер азаматтарды ірі көлемде несие рәсімдеуге және қаражатты көрсетілген «қауіпсіз шоттарға» аударуға мәжбүрлеген.

 — Бірқатар қылмысқа жәрдемдескені үшін олар сот алдында жауап берді. Мамыр айында сот шешімімен «дроповодтар» әртүрлі мерзімдерге — екі жылдан алты жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Дропперлер тигізген шығын мөлшері бір жағдайды ғана есептегенде 22 миллион 800 мың теңгені құрады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *