СҚО-ның су айдындарында 14 тұрғын айыппұл арқалады
СҚО-ның 14 тұрғынына су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды.
Судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 7 АЕК айыппұл қарастырылған. Шомылу маусымының басталуымен ТЖД қызметкерлері тұрғындарға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Белгіленген талаптарды бұзу қайғылы салдарға ғана емес, әкімшілік жауапкершілікке де әкелуі мүмкін.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе сақтамағаны үшін 7 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Жыл басынан бері құқық бұзушыларға қатысты 14 әкімшілік хаттама жасалды.
ТЖД азаматтарды тек шомылуға рұқсат етілген жерлерде демалуға, балаларды судың жанында қараусыз қалдырмауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Су айдындарындағы қауіпсіз мінез-құлық-өмір мен денсаулықты сақтаудың кепілі.

