Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО құтқарушылары жоғалған адам тапты

СҚО-да жоғалған ер адамды іздеу жұмыстары сәтті аяқталды.
Петропавл қаласының Бірлік шағын ауданында ТЖМ құтқарушылары дронның көмегімен полиция қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп, үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған 1957 жылы туған ер адамды іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Іздестіру шаралары барысында құтқарушылар ер адамды Березовка ауылынан шамамен 1 шақырым және оның тұрғылықты жерінен 6 шақырым қашықтықтағы орман алқабынан тапты. Айтарлықтай қашықтық пен жер бедерінің күрделі жағдайына қарамастан, іздестіру операциясы сәтті аяқталды. Табылған ер адам медициналық көмекке мұқтаж болмай шықты.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *