Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Қала әкімі қоғамдық қабылдау өткізеді

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев тұрғындарды 30 маусым күні С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада қабылдады. Шара сағат  12:00 басталады.

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қалалықтар кездесуге Instagram әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимде қатыса алады.

— Сонымен қатар, өз ұсыныстарыңызды, сұрақтар мен пікірлеріңізді ағымдағы жылғы 28 маусымнан 30 маусымды қоса «Халықпен кездесу 2026» Telegram-бот қосымшасында (http://t.me/Otchetnye_vstrechy bot) қалдыра аласыз.
Кездесу күні онлайн көрсетілім кезінде 109 телефон нөмірімен «Ikomek» ситуациялық орталығында арнайы анықтама қызметі; 8 778 566 14 04 нөмірімен Whatsapp және «Халықпен кездесу 2026» Telegram-бот жұмыс істейтін болады. Қосымша арқылы барлық ниет білдірушілер өз сұрақтарын жолдай алады. Ұсыныстар мен ескертулері бар өтініш білдіруші міндетті түрде тегін, атын, әкесінің атын, мекенжайын және байланыс телефонын көрсеткен жағдайда ғана қаралатын болады, — деп хабарлады қала әкімдігі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *