Жарияланған күні: 22.06.2026
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде басшы ауысты
Облыс әкімдікте өткен жиында облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. Бұл лауазымға Төлеутай Нұраби ақаратын болады.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына Төлеутай Нұраби Рашидұлы тағайындалды.
Нұраби Рашидұлы 1991 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Осы тағайындауға дейін Ақмола және Қарағанды облыстары бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінің басшысы қызметтерін атқарған.

