Жарияланған күні: 22.06.2026
СҚО-да 175 түлек «Алтын белгі» иегері
Солтүстік Қазақстан облысында 175 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болды. Өңір басшысы салтанатты жағдайда түлектерді құттықтап, оларға лайықты марапаттарын табыс етті.

— Жыл сайын бұл жоғары марапат иегерлерінің санының артып келе жатқаны қуантады. Бұл – білім сапасының, ұстаздар кәсібилігінің, ата-аналар қолдауының және, әрине, оқушылардың табанды еңбегінің көрсеткіші. Бүгін түлектер үшін өмірдің жаңа, жауапты кезеңі басталады. Жастарға сапалы білім алуға, кәсіби тұрғыда қалыптасуға және өз мүмкіндіктерін толық іске асыруға кең жол ашылған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде дарынды жастардың әлеуетін ашуға, сұранысқа ие мамандық игеруге, ғылыммен және кәсіпкерлікпен айналысуға, инновация енгізіп, табысты мансап құруға барлық жағдай жасалып отыр, – деді өңір басшысы.
Марапаттау рәсімі барысында түлектерге сәттілік тілеп, олардың еліміздің дамуына үлес қосатын білікті маман болып қалыптасатынына сенім білдірілді.

