Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

23 маусым — қос мереке

23 маусым – елімізде Мемлекеттік қызметші күні мен Полиция күні аталып өтіледі. Айтулы мейрамдармен әлеуметтік желідегі жеке парақшасында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады. 

СҚО әкімі алдымен Мемлекеттік қызметші күні – ел басқару ісіне адал қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегіне берілетін құрметтің айқын көрінісі екенін жеткізді.

— Бүгінде мемлекеттік қызметшілер елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың негізгі тірегі болып отыр. Олардың күнделікті еңбегі экономиканың дамуына, басқару жүйесінің жетілуіне және мемлекеттік бастамалардың нақты нәтижеге айналуына тікелей ықпал етеді. Солтүстік Қазақстан облысында да бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде.
Осы мерейлі күні барша мемлекеттік қызметшілерге зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыс және еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңізге жаңа жетістіктер тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым ел игілігімен бағалансын! — деп жазды СҚО әкімі.

Кейін СҚО әкімі хаң мен тәртіп нығайтып, қоғңам тыныштығын күзетіп отырған полицейлердің еңбегін жоғары бағалап, өз ізгі тілегін жеткізді.

— Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері өз міндеттерін жоғары кәсіби деңгейде, жауапкершілікпен және адалдықпен атқарып, халықтың сеніміне ие болып отыр. Ардагерлердің еңбегі де ерекше құрметке лайық – олар көпжылдық қызметімен ішкі істер органдарының берік дәстүрін қалыптастырып, жас буынға мол тәжірибе мен үлгі көрсетіп келеді.
Осы мерейлі күнде барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, амандық, отбасылық береке және қызметте толайым табыс тілеймін. Кәсіби шеберліктеріңіз бен елге деген адал қызметтеріңіз әрдайым жоғары бағалансын. Мерекелеріңіз құтты болсын! — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *