Жарияланған күні: 23.06.2026
Петропавлда көлік өртке оранды
Петропавлдағы тұрғын үйдің біріндегі аулада көлік өртеніп кетті.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, Уәлиханов көшесінде газ баллонды жабдығы бар жеңіл автокөлік өртеніп кеткен.
— ТЖМ бөлімшелерінің күштері өртті жедел түрде оқшаулап, 16 минут ішінде толық жойды. Өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Оқиға салдарынан жақын маңдағы автокөлікке зақым келген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

