Жарияланған күні: 23.06.2026
«Құқықтық дәріхана» акциясы аясында 135 азаматқа құқықтық кеңес берілді
Облыс прокуратурасының қызметкерлері кезекті апталық «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді. Басты мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңдарды қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіру, сондай-ақ тұрғындарға құқықтық көмек көрсету.

Жеке консультациялар форматында азаматтар прокурорлардан өздерін толғандырған маңызды сұрақтарға жауап алды, ал жекелеген мәселелер кейіннен шешілуі үшін бақылауға алынды. Осылайша, акция аясында облыс тұрғындарына 135 жеке құқықтық консультация берілді.
Облыс тұрғындарының бір тобы жұмыс берушінің қызметкерлерді жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына мәжбүрлеп жіберуінің заңдылығы мәселесі бойынша жүгінді. Өтініш берушілерге сол жерде тиісті түсіндірмелер беріліп, мәселе облыс прокуратурасының бақылауына алынды.
Қазіргі уақытта облыс прокуратурасының бақылауында Петропавл қаласы тұрғындарының 5 мәселесі бар. Жыл басынан бері облыс прокуратурасы барлығы 23 акция өткізіп, онда 1600-ден астам азамат қабылданған.

