Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Облыс әкімі «КазахМедИмпорт» ЖШС-нің жұмысымен танысты

Ғауез Нұрмұхамбетов отандық медициналық бұйымдар өндірісіндегі жетекші кәсіпорындардың бірі – «КазахМедИмпорт» ЖШС-нің жұмысымен таныстым. Он жылдан астам уақыт бойы кәсіпорын заманауи медициналық және патологоанатомиялық жабдықтарды өндірумен айналысып келеді.

Бүгінде мұнда денсаулық сақтау саласында кеңінен қолданылатын 200-ден астам өнім түрі шығарылады. Өндірілген өнімдер Қазақстанда ғана емес, шетелдік нарықтарда да жоғары сұранысқа ие.

2025 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорынның өндіріс көлемі 900 миллион теңгеге жуықтады. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың, атап айтқанда «Даму» қоры арқылы жүзеге асырылған жобаның нәтижесінде өндірістік алаң 930 шаршы метрге кеңейтілді. Бұл кәсіпорынның өндірістік қуатын арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

Кәсіпорын өнімдері халықаралық сапа талаптарына толық сәйкес келеді, Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген және сыртқы нарықта да лайықты бағасын алып отыр. Бүгінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясымен экспорттық келісімшарттар жасалған. Қазіргі таңда кәсіпорында 98 маман еңбек етеді. Сонымен қатар жергілікті университет және теміржол колледжімен тығыз байланыс орнатып, болашақ білікті кадрларды даярлау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *